СҮЙЕК

lat: SÚIEK

зат. 1. Адам мен жан-жануарлар денесінің қаңқасы . Шаттанам шыбығыңды сүйемін де, Балқиды ішім емес, сүйегім де. Есігін дүниенің ашқан едім Кішкентай өзеніңнің жиегінде (1,58). Өлген арлан желігіп, Жалмайтындай көрінді. Төс сүйегін кеміріп, Баурайтындай көрінді (1,220). 2. Жеген еттен шыққан сүйек-саяқ . Қаралы ару қамығып, зарланады, Қара төбет сүйекпен алданады. Шашбаулары сылдырап Шолпан қыздың, Жас Шоқанның жүзіне таңданады (2,328). Бір төбеттер болушы еді сүйек сұрап ұлыған, Қу сүйекті құшырлана кеміретін құныға. Есі кірмей, қажалайтын қу сүйекті құрыған (5,30). 3. Тұтас дене, өне бой . (Оңай ғой сүйемін деу, күйемін деу) Мен өзіңмін жаныммен, сүйегіммен ! Өз айнаңнан өзіңді танымайсың, Соныңа күйемін мен (2,216). Сен менің сүйегім мен қанымдасың, Жанымдасың, ұятым, арымдасың. Саған деген махаббат дамылдасын, Тек сенің топырағынды жамылғасын (3,234). 4. ауыс. Қайтыс болған адамның денесі, мәйіті. Манас кеп қалар деген үмітпен, жұрт болып әжейдің сүйегін бір күн жерлемей бақты (4,171). Неруданың сүйегін қабірінен қазып, ұрлап әкетіпті, кітаптарын өртепті (4,58).