СЫН

lat: SYN

зат. 1 . Адамның мықтылығы (төзімі) сыналатын басқа түскен ауыртпалық; қайғы, қасірет . Өтті күндер, жетті күткен сағатым, Бұл күнді ойлап жүрек жайсыз соғатын. Күтеді алда мені тағы ауыр сын , Не жақсылық, не жамандық табатын (1,63). Шынымен ақын жанын қалайсың ба? Шыдайсың ба, шынымен, талай сынға ? Ақын деген бірде қарт, бірде сәби, Қартты сыйлап, сәбиге қарайсың ба? (2,210). 2. әдеб. Ақын-жазушы шығармаларының жетістіктері мен кемшіліктері туралы айтылған (жазылған) пікір; баға беру, талдау . Сондықтан да үш авторға айтылған сын поэзияға кейінірек келген жастардың да творчествосына ортақ деп білеміз (4,280). Соның үшін де біз бұл жерде екі ақынға да айтылған сындарға араша түсіп жатпай-ақ қоялық (4,307).