СЫН

lat: SYN

ет. 1 . Морт кету, қақ бөліну . Қол сынса, бас жарылса, қанап мұрын, Ол да менің сорақы ағаттығым. Ар сотының алдына алып барып, Алдымнан есігін аш абақтының! Себебі бәріне мен жауаптымын! (3,231). Ұзын сирақ бишараны ұстап, қырман шауып жүрген әкесіне әкелді. Әбіт кетпенін қойып, тырнаның сынған топшысын көрді (4,184). 2 . Қыру, бүліну; бұзылу . Деп тұрғам жоқ сенен мен өш алайын, (Кездесті ғой қайырымсыз неше ағайын). Шұбар атың аман ба, өлген жоқ па? Сынған жоқ па сондағы кәшауайың? (1,244). Көтеріліп көңілім шарқ ұрғасын, Көз алдымда тағдырым қалтылдасын! Ішек үзілсін, домбыра сынсын мейлі, Шер тарқатар шемен күй тартылғасын! (2,366).