ЛАҢ

lat: LAŃ

(пар. ләнг لنگ)   

1. Зақымдау, бүлдіру, жарымжан ету.

2. Ауысп. Бүлік, бүлік салу, әлек салу.

Тату болып ұрыспай кісімді берсін! Әйтпесе сала аламыз біз де лаңды («Сейфүлмәлік». Қисса-дастандар, 1986).

Атаңа нәлет Бекежан, Келіп лаң салғаны («Қыз Жібек» (Қаршыға нұсқасы). Бабалар сөзі. 53-том. 2009. 100 томдық).

Жамнұн батыр осылай лаң ұрады, “Сені де өлтірем” деп шарт қылады («Әзірет Әлидің соғысы». Бабалар сөзі. 15-том. 2005. 100 томдық).

Лаңкерлер бүлікшілер.

Иә, Алла, сенен тілек қылдым енді, Бағышлағыл Мұхаммедті маған енді, Барайын Ыстамболға мен енді, Атырабында көп ерді лаңкерлері («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).