ТАБЫСТЫР

lat: TABYSTYR

ет. 1. Кездестіру, жолықтыру. Дей көрме әзір маған жаныма кел, Тағдырдың дегеніне бағына бер. Түбінде бір жол бізді табыстырар, Қайтейін, сағына бер, сағына бер (1,94). Рас, сенің дастаның, Бағдаттың әні Бану екеумізді талай рет ұйқыдан оятты, тебірентті, алайда бізді табыстырды (4,244). 2. Көрсету, таныс ету. Самға, ұшқыш! Өлкеммен таныстырам, Танымайтын жаныңмен табыстырам. Бауырыңдай жандармен қауыштырам, Көз алдында әр түсті экрандай, Бір бояудан бір бояу ауыстырам (2,342). 3. Татуластыру, достастыру. Екеуі де бір дәуірдің ақыны ғой, Дегенмен, бірін Орал, бірін Кавказ тауларынан көрем мен, Жыр тойында, екеуін бір табыстырсам деген ем, Екеуін де көндіре алмай, әуре болып келем мен (2,292).