ТАМЫР

lat: TAMYR

зат. 1. бот. Өсімдіктің бойына су мен қоректік заттар жеткізіп тұратын мүшесі. Тамыры тасқа таңылып, Нәрсіз, сусыз шөлдеген. Әлсіз бүрін жамылып, Солқылдайды соққан желменен (1,40). Тамыры терең көмілген, Жартасқа жаңа гүл өсер. Өткінші мынау өмірмен, Өзінше ол да күресер (3,178). 2. анат. Жан-жануарлар бойындағы қан жүретін жол. Сезесің әлденені, сорлы жүрек, Қорқу ма, қуаныш па нені білед? Жай соққан тамырдағы жылы қандай, Асқақ ой бірі шығып, бірі кіред (1,48). Айқыш-ұйқыш зарядтар дір еткенде, Тамыр бойлап, ток ойнап жүректерде, Ақ моншағын аспан да шашып алып, Нұр жамырап жөнелсе түнектерге (2,221).