ТАҢБА

lat: TAŃBA

зат. Бір нәрсенің ізі, дағы, белгісі. Таңба тұр өткен күннің бәрінен де, Қашанғы шыдай берсін кәрі кеуде. Дариға жүрегінің дақтары бар, Келмейтін бұл өмірде дәрілеуге. Қашанғы шыдай берсін кәрі кеуде?! (1,265). Көз алмаймын қайтадан шыршадағы таңбадан, Тіл қатпайды ну орман, тіл қатпайды тау маған. Тентек өзен өзінің арнасында аунаған Тілсіз мынау есімнің тағдырына таңданам (3,22).