ТАПСЫРМА

lat: TAPSYRMA

зат. Біреуге міндеттелген іс, жұмыс. Машинада бар болғаны төрт-ақ адамбыз. Екіқабат жап-жас орыс әйелі, екі студент, редакцияның шұғыл тапсырмасымен келе жатқан мен (4,117). Алматыдағы бір жылдық дәрігерлік курсты бітіріп, губерниялық комсомол комитетінің тапсырмасымен бірер жылға осында келіпті (4,124).