ТӘЖІРИБЕ

lat: TÁJİRIBE

зат. Белгілі бір істі ұзақ уақыт істегеннен қалыптасатын жұмыс дағдысы, машық . Сөз жоқ, мұның бәрі өлең жасап, арзан атақ алудың төте жолы екенін тәжірибе көрсетіп отыр (4,317). Тоқта, тоқта, ей, жігіт, аялдағын, Кәне, қалай жағдайың, баяндағын. Тәжірибе мектебін өтіп жүрсең, Дәрігерлік кәсіпке таянғаның (3,75).