ТӘКАППАР

lat: TÁKAPPAR

сын. Менмен, өркөкірек, паң (адам). Барлығы да, бәрі де таныс маған; Амангелді дұшпанын жаныштаған, Сәкен анау тәкаппар намысты ағам. Қазақтарға большевик Әліби кеп, Ленин аманатын табыстаған (3,144). Қара деді қадірлі ұстаз, тәкаппар жан келеді, Ол бастаушы, ал соңынан ана үшеуі ереді. Ақ семсерден серт ұстаған ұлылықтың желегі (5,23). // Зат есім мағынасында . Тәкаппар ең ерлікке бола туған, Жет тездеп, дауыл тұрғыз қанатыңнан. Сен мендік, мен сендікпін, ана қыран, Қыранбыз, қырандардан жаратылған! (3,128). Дінбұзарлар, деді ұстаз, имандары жоқ халық, Танымаған құдайды тәкаппарлар сотқары, Жатады олар тапталып, жер түбінде топталып (5,46).