ТЕГІ

lat: TEGİ

шыл. Шамасы, сірә, асылында . Білемін, ақын жортқан бұл өлкені, Мәңгілік мекендеген жыр-ертегі. Қарттары өлеңменен намаз оқып, Жастары жыр жастанып күнелтеді. Жырлап бір өте алмасам жыр еркені, Ақындар әжуалап жүрер тегі (2,347). Кім күтсін, кім жоқтасын онда мені, Күтетін бір махаббат болған еді. Күте-күте күдерін үзген шығар, Күреңіткен мына күн сол ма, тегі ?! (3,221).