ТЕРІС

lat: TERİS

үст. 1. Артқа қарай, арт жағына.

Теріс қаратып, көзін жұмдырады (4,204).

Теріс айнал тезірек, қос көзіңді тас жұмғын;

Сұрын көру қауіпті Горгон қара басқырдың,

Жарық келіп түскенше жанарыңды ашпа, ұлым (5,44).

2. Оң емес, кері, керісінше.

Тысқа шықсам,

Күн шыңылтыр, қар жауған.

Ызғар, аяз атырылып бар маңнан,

Асып анау асқар-асқар таулардан,

Қыс жетіпті тонын теріс аударған (2,371).

Бала қимылдайды, өлген әрі теріс келген.

Шұғыл операция керек (4,183).