ТӨРАҒА

lat: TÓRAǴA

зат. Мәжілісті, жиналысты басқарушы ресми тұлға.

Төрағасы жайғасты төрге барып,

Бос орын жоқ, зал іші көмбе халық,

Әуезовті бір шешен мақтап жатыр,

Аракідік тамағын кенеп алып.

Бір бұрышқа отырдым мен де барып (2,207).

Құттықтаулар, мақтаулар тынды дағы,

залдың іші бір сәтке тұнжырады.

Төрағасы сатылап сөйлеп кетті,

Сәл ырғалып орнынан тұрды дағы (2,207).