ТҰМАН

lat: TUMAN

зат. 1 . Суық кезде (күзде, қыста) аспанды жаппай басып тұратын боз түсті буалдыр.

Бұл күні қысқы тұман бүркеп алған,

Көрсетпей тоғайыңды қырау шалған.

Аязды түн жамылған қарт жылқышы,

Ыңырсып қайғы-мұңды әнге салған (1,38).

Көше лайсаң, күн тұман.

Ағаштар тұр арса-арса,

Мен біреуге ұмтылам,

Біреу мені қарсы алса (3,238).

2 . ауыс. Белгісіз, күңгірт.

Мен бақытсыз, өмірім тұман , қараңғы,

Сәуле орнына қайғы басты санамды.

Өзің көрген қасіреттің қанжары,

Қарс айырып көкірекке қадалды (1,24).

Жете алмайсың, сен неге асығасың?

Соққы көріп сен жиі басыласың.

Сезгендейсің... ол тұман маған бірақ,

Сен менен не құпия жасырасың? (1,71).<!--StartFragment--><!--EndFragment-->