ТҮЗУ

lat: TÚZÝ

сын. 1. Тура, тік.

О, дәрменсіз найсаптар, пасық жандар!

О, шерменде бықсықтар! Қоқыр-моқыр.

Қаламымды кезеймін шошынбаңдар!

Өлімсіреп мөлимей, түзу отыр! (1,86).

Қазына болмаса да қамбасында,

Қарық боп отыратын нанға, суға.

Түтіні кернейінен түзу шығып,

Жалғыз үй жарбиятын жар басында (3,262).

2 Дұрыс, жөн.

Ақталып, айрылғанда ойдан бөтен,

Тапқандай түзу жолды, адал мекен.

Сол кезде көз алдыма елестейді,

Бейнесі алыстағы адал некем (1,66).

Қазақ совет ақындарының 1971 жылғы жарық көрген өлеңдер жинағымен танысқанымызда, қартынан жасына дейін алған бағыты айқын, ұстаған жолы түзу (4,316).