ТҮЙІР

lat: TÚIİR

зат. 1 . Бір тал дән.

Аспаннан түнді таныдым, аспаннан таңды таныдым,

Таныдым түннің түнегін, таныдым күннің жарығын.

Аспаннан саулап тұратын, түйірі ме әлде бидайдың,

түйірі ме әлде тарының?! (1,234).

Қайдан білсін, әкесі жем бергенін,

Жем бергенін... Қаршыға өңгергенін.

Қайдан білсін, шешесі шер бергенін?

Түйір дәндей жүрегі тулап жатыр,

Ұядағы титімдей шерменденің (1,87).

2 . Бір заттың кішкене бөлшегі.

Жиегінде өзеннің ол тұрады,

Қарасам, көзді жасқа толтырады.

Қымбат маған көзімнің қарасындай,

Ол тамның әрбір түйір топырағы (1,39).

Жиегінде өзеннің ол тұрады,

Қарасам, көзді жасқа толтырады.

Қымбат маған көзімнің қарасындай,

Ол тамның әрбір түйір топырағы (1,39).