ТІЛЕК

lat: TİLEK

зат. 1. Адамның өзіне, өзгеге деген ізгі ниеті, адал көңілі; тілеу.

Қандай менің аяйтын тағдырым бар,

Суға тастап иә отқа жандырыңдар.

Тек бір ғана тілегім , ағайындар,

Ұрпағымды артымда қалдырыңдар! (1,199).

Жайылған ақ дастарқан ақ көңілдер,

Әжелер, балалар шат, шат келіңдер.

Бәріңе айтатыным бір-ақ тілек:

Бәрің де бақ көріңдер!

Бақ көріңдер! (3,135).

2. сөйл. Арман, мақсат.

Тілегіңе жетемін деп көздеген,

Тентімеген жерің бар ма, кезбеген?

Ғазиз анам, мейрімді анам, мен деген,

Бақыт дәмін тата алмай бір шөлдеген (1,75).

Райымбек мінді де күреңіне,

Келді өзенге жетпек боп тілегіне,

Шым-шым қайнап, ширыға шұбатылған,

Тылсым дүлей адында Іле міне (2,115).