УАҚЫТ

lat: ÝAQYT

ар.зат. Мезгіл, мерзім, мезет.

Уақыт өтіп жатыр үмітпенен,

Құс уақыт тұзаққа ілікпеген.

Алдым тау, артым да тау, айналам тау,

Қарағайлы қиямен жүріп келем (1,309).

Не дерсің уақыт құрғырға,

Біреулер кеткен жантайып,

Оралмас мәңгі құрдымға,

Біреулер қалған қартайып,

Аттандым аз күн тұрдым да (3,242).