УАҚЫТША

lat: ÝAQYTSHA

үст. Белгілі бір мерзімге дейін, аз уақытқа.

Екіншіден: Санап болып адымды,

Уақытша сөндірген жөн жалынды.

Мініс аттай бір қазыққа таңуды,

Қою керек кең өріске баруды (3,78).

Құлай түсіп, құлпытасқа жайнаған,

Көздің жасын құйып талай байқағам.

Жазмыш бәрін әкетіпті уақытша,

Міне, біздер ұшырастық қайтадан (4,22).