УЫС

lat: ÝYS

зат. 1. Қол саусақтарын жымдастыра бүккенде шұқырайған алақан аясы.

Дала рақмет саған!

Ырыс қосып жатырсың ырысыма.

Ағыл-тегіл жүректен нұр ұшыра,

Алтыныңды толтырып уысыма,

Дала, рақмет саған! (1,150).

Әлсіз қолмен әзер-әзер төсқалтасын ағытты,

Қанға тиген орамалды уысына алыпты (1,308).

2. ауыс. Бір нәрсенің қоршауы, шырмауы.

Тағы да күз, міне, сары таңды ұзақ түн,

Уысында тағы да мен ұйқы дейтін тұзақтың,

Ойхой, шіркін, тағы да бір күзді, міне, ұзаттым (1,171).

Соған ұқсас төнді Антей, уысындамын қатердің,

Сездім сонда, сірә, мен осылай-ақ өтермін.

Қапелімде бұл жолды қаламай-ақ кетермін (5,150).