ҰЗЫН

lat: UZYN

сын. Қысқа емес, сорайған.

Дамыл таппай, тобын жазбай, ән салып,

Маса, шіркей, құстар біткен жүр ұшып.

Ұзын тұмсық көкқұтан да тамсанып,

Жағада отыр құнысып (1,105).

Қыз-келіншегі аралас, бір топ жас айыр-тырмасын иыққа алып, бір қолымен ұзын көйлектерінің етегін қымқыра көтеріп, судан өтіп келеді (4,178).