ҰЛТ

lat: ULT

зат. Бір тілде сөйлейтін, өз елі, өз жері, салт-дәстүрі, мәдениеті бар тарихи қауымдастық; этнос.

Шексіз сүйем ұлтымды сүйе тұрып алайда,

Басқа адам баласына көз алартсам, қалай ма?!

Ұлтын сүю бір бөлек, ұлтшыл болу жарай ма?!

Қайтіп айтам Дантеге, Жетпейсің деп Абайға! (1,241).

Ұлтын сүймейтін адам жоқ, бірақ сол ұлттың ұлылығынан гөрі, біз тартқан қайғы-қасіретіне әуеспіз (4,92).