ҰСТАУ

lat: USTAÝ

Ұста етістігінің қимыл атауы.

Үкі тағып, ұстаушы ем бұрымыңа.

Ойым сергіп қалатын қылығыңа.

Саялаған сайыңда, Ақмаралым,

Әлдекімнің іліндің құрығына (1,135).

Ал Маруся болса, ол қу қыз, біздің осынау жағдайымызды сезіп, қалайда бізді ыңғайсыздандырмайын дегендей, өзін барынша қарапайым, барынша кішіпейлі ұстауға тырысады (4,125).