ҮЙІР

lat: ÚIİR

зат. 1. Бір айғырдың қарамағындағы 15-20 шақты құлын-тайы аралас биелер тобы. Біріне-бірі дем беріп, Тұяқпен түтіп даланы. Тулаған өңшең көк желік, үйірін іздеп барады, Қайыру берер болмады (2,144). «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» демеуші ме еді? (4,245). 2 . ауыс. Ылғи бірге жүретін, бір-бірінен ажыраспайтын топ. Көрінед көз ұшында көмескі Іле, Жыландай жылжып барат иіріле. Қаңғырып қияда жүр ақсақ елік, Адасып қосыла алмай үйіріңе (1,41). Үйірінен адасқан бала қаздай, Қайда ұшарым белгісіз, қалып барам. Сырымды айтам, жеңеше, жан ұқпаған, Жанып барам, қайтемін, жанып барам? (2,332).