ҮМІТКЕР

lat: ÚMİTKER

зат. Бір нәрседен (жетістіктен, жақсылықтан т.б.) үміті бар, дәмелі адам.

Сүреңсіз күн өтуде, сүреңсіз түн,

Жұрт үміткер.

Күнелтпек тілеусіз кім?

Жұрт үміткер, үміткер достарым да,

Мен бірақ реңсізбін, күдеусізбін (1,265).

Сандаған сығыр сәуледен,

Панамыз тұрар жарық боп.

Үміткер болып әрнеден,

Маужыраушы едік қарық боп (3,241).