ҮҢГІР

lat: ÚŃGİR

зат. Таулы жерде кездесетін табиғи қуыс.

Талма түс.

Тастөбеге күн шығады,

Тар үңгірде әлдекім тұншығады.

Ет жүрегін Құрманның езіп ұстап,

Арын келіп әлдене шымшылады (1,197).

Сарыуайым секілденіп сарғайып кеп таң да атты,

Ол үңгірді тастады да, тағы шолды жан-жақты.

Таудың тағы аңдары да жоғалыпты зым-зия,

Бұл өңірде одан бөлек тірі тұяқ қалмапты (2,264).