ҮСКІРІК

lat: ÚSKİRİK

Бет қаратпайтын суық жел, аяз .

Үскірік, аяз өтінде,

Үйілген қарға көмілген.

Жабырдың шығыс шетінде

Жайсыз бір қыстау көрінген (1,46).

Соқсын, мейлі, үскірік, тыншымасын,

Саусағымды, бетімді шымшыласын.

Туған жердің ежелгі әзіліне,

Туған ұлы шыдамай, кім шыдасын? (1,178).