ҮШІН

lat: ÚSHİN

шыл. Тіркескен сөзіне «мақсат», «себеп» мән үстейтін септеулік шылау.

Қарқындап қызу еңбек қайнады шын,

Барлығы Отан үшін, майдан үшін!

Әр адам өз әлінше үлес қосты,

Өзінше өзі біліп ойдағысын (2,336).

Мен дағы өлең жазбаймын ермек үшін,

Ермек үшін немесе өлмеу үшін.

Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын,

Жаралы жүректерді емдеу үшін (2,379).