ШАЛБАР

lat: SHALBAR

зат. 1. Қой терісінен тігілген ер адамның бұт киімі.

Белінде кісесі, басында тер сіңген жеңіл тақиясы, бұтында тізесі алға ұмтылған майлы тері шалбары бар (4,122).

2. Ер адамның матадан тігілген бұт киімі.

Бұтында қабулы, мақталы шалбар, аяғында қара пима (4,129).

Жойқын соғыс бәрін де тонап алды,

Заманы алай-түлей бола қалды.

Аналар көйлек емес, шалбар киіп,

Шарт буынып, қолына орақ алды (2,335).