ШАҢЫРАҚ

lat: SHAŃYRAQ

зат. 1. Киіз үйдің төбесінде уықтарды қозғалтпай ұстап тұратын, күлдіреуіші бар дөңгелек шеңбер.

Не деген балажанды құрғыр еді,

Киіз үйге бір шығып, бір кіреді.

Шопанның шаңыраққа көзі түссе,

Шарасы таусылғандай ділгіреді (2,194).

Қыздарымды қатын ғып,

Шаңырағымды отын ғып.

Отауымды топыр ғып,

Отанымды қоқыр ғып,

Ойран етті, әулие! (2,104).

2. ауыс. синекд. Үй.

Туған елім, көрмесем сағынамын,

Кетсем, ізім өзіңнен табылады

. Жасыра алман, інінің отауынан,

Ыстық маған атаның шаңырағы (2,82).

Дегесін, үлкен шаңырақ ,

Дәм беріп еді жамырап.

Алақан жайып артынан,

Ақ тілеу айтқан аңырап (2,146).