ШАРАСЫЗ

lat: SHARASYZ

сын. Істер амал, айласы жоқ; амалсыз, лажсыз.

Бала жатыр төсекте албыраған,

Әке жатыр еденде қалжыраған.

Түн күзетіп ана отыр, қос жанары

Шарасыздан шаршаған, жаудыраған (2,173).

Қорқынышты қатерден екі көзін алмай,

Қимылсыз да шарасыз, қатып қалған бағандай,

Ұстазыма бұрылдым жан ұшырған адамдай (5,97).