ШАШ

lat: SHASH

зат. 1. Адамның бас терісіне көп болып шыққан қыл.

Шашымның санап әр ағын,

Таңырқай берме, қарағым.

Санаулы басқан әр адым,

Отыздан асып барамын (1,93).

Қолаң қара шашың-ай күн қақтаған!

Қос бұрым-ай жотаңда бұлғақтаған!

Қарғам, сенде жерімнің иісі бар-ау.

Жер иісі жұпардан да қымбат маған! (2,26).

2. поэт. ауыс. Күннің нұры, сәулесі.

Күн қайда асығады?!

Нендей күш күннің нұрын жасырады?!

Қызарып соңғы сәуле шашырады,

Күн түйе алмай барады шашын әлі (3,75).