ШЕЖІРЕ

lat: SHEJİRE

зат. 1. Тарихи оқиғаларды жазып отыратын жылнама.

Шежіресін талай жыл, талай заман,

Ыждағатпен айтасың, ағай, маған.

Бабалардың өзі жоқ, ізі жатыр,

Қала орнатып, егін сап, мал айдаған (1,225).

2. ауыс. Тарих д.м-да.

Белдеріне көзің сәл Дардамдының,

Дардамды деп қалмақтан қалған бұрын.

Затында жер біздікі, аты онікі.

Шежіре біледі оның жалғандығын (1,273).

Бұл өлке батыр еді, ақын елі.

Күңірене күйдің шалқып жатыр лебі.

Тіл бітіп құм Нарынға сөйлеп кетсе,

Көмескі шежірені оқыр еді (2,350).

3. ауыс. Көп көрген, көп білетін адам .

Сақалыңнан айналдым, қарт бабалалр,

Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?

О, тірі шежірелер , қалдырыңдар,

Қанеки, нелерің бар салтқа жарар! (1,291).