ШЕШІМ

lat: SHESHİM

зат. Бір нәрсенің түйіні; байлам, тоқтам.

(Үшеуін де өзім дос еттім, Оқушым, айтшы, несі мін?!)

Өмірі берген есептің Өздері тапсын шешім (2,327).

Ақылыңды айт, жеңеше, шешімі не,

Мүмкін, тағдыр әкелген несібі ме?

Өтер едім армансыз бұл өмірден,

Осы жанның күң болсам есігіне (2,332).