ШӨП

lat: SHÓP

зат. Жер бетінде жап-жасыл болып өсіп тұрған көгорай шалғын.

Тап-таза аспан, тұп-тұнық,

Жап-жасыл шөпке шық тұрып.

Сап-салқын ауа жұттырып,

Айнала тегіс тып-тынық,

Найзағай барып ұқтырып,

Кетпесе екен бұлт тұрып (3,202).

Жылғаның арғы жағында шөп шауып жатқан болар... Кешке қарай жұмыстан қайтқан адамдардың салған әні-ай! (4,227).

// Машинамен, шалғымен шауып алынған мал азығы .

Көршілердің бірі қорасының төбесіне шөп жинауда (4,148).

Әбіт қамытты тізесімен басып тұрып, тамақбауды тартып байлап, қора үстіндегі шөптен шанаға салып жатыр (4,195).