ШУЛЫ

lat: SHÝLY

сын. Шуылдаған, шуы мол.

Шуақтар шулы балалар,

Жаздар, қыстар, көктемдер.

Қаздар... Құстар өпкен жер.

Жылғалар, Көлдер, Бұлақтар (1,89).

Хош, сүйіктім, есіңе ал сол бір күнді,

(Менен артық сүйсең де мейлі кімді).

Есіңе алсаң, егіліп жылағайсың,

Жайлауды, шулы өзенді, айсыз түнді (1,79).