ШЫҒАР

lat: SHYǴAR

мод. «Мүмкін», «солай болар» деген сияқты болжалдық мағынада қолданылатын сөз. Жалғызың оралмады, оралмады, Қиын ғой тірі жанның жоғалғаны. Бір жерде тірі болса жүрген шығар , Болса өлі, өзіңменен болар мәңгі (3,65). Кім күтсін, кім жоқтасын онда мені, Күтетін бір махаббат болған еді. Күте-күте күдерін үзген шығар , Күреңіткен мына күн сол ма, тегі?! (3,221).