ШЫҒЫС

lat: SHYǴYS

зат. 1 . геогр. Жер шарының күн шығатын жағы .

Танымалы тау бұлағын бетке алып,

Деген жерге орналастым шет барып.

Сол күнгі таң.

Сол күнгі таң... сұмдық-ай,

Шығыстан бір келе жатыр өрт жанып (1,173).

Бай өлкем, Армысың, қарлы шың!

Арайлы шығыстан Атқан бір таңбысың? (2,269).

2 . ауыс. Жер шарының шығыс жағына орналасқан ел.

Құсыңды бұр, ұшқышым, Шығысыма ,

Сәлем берем Алтайда туысыма,

Шығысыма, тарт менің ырысыма!

Сірә де, Клондайк, Аляскалар,

Толар ма екен Алтайдың уысына?! (2,343).

Төрттаған рубайлар Шығыс ақындарының ойын қорытар қалыбы-ақ болсын, алайда, ойлап отырсақ, осының өзі схемаға айналып баратқан жоқ па?! (4,310).