ШЫНАЙЫ

lat: SHYNAIY

сын. 1 . Шын, ақиқат .

Мейлі күн, мейлі айлар, жылдар өтсін,

Өкініп, опық жейтін мезгіл жетсін.

Шынайы саған деген махаббатым,

Өміріңе қарыз боп бірге кетсін (1,90).

Өтегеннің «Ақ Шолпанның» алдындағы өлеңдер жинағы өзінің табиғи қарапайымдылығымен, шынайы толғаныс-тебіренісімен жылы қабылданып еді (4,298).

2 . Нағыз, дәл мәніндегі .

Өмірді жаңартқан, жасаған,

Өзіңе неге үйір осы Адам?

Өзіңнен өтерлік шынайы ,

Өмірде жоқ па екен дос оған?! (1,112).

Демек, шынайы шын поэзия адам сезімінің анатомиясы да, шынайы шын ақын соның зерттеушісі (4,275).