ШЫНАШАҚТАЙ

lat: SHYNASHAQTAI

сын. Шынашақ тәрізді: кіп-кішкентай, титтей.

Ала қарға. Ала қарға.

Қарасы өшсін құрғырдың!

Шымшықтардың шырылы мен үні қайда

Шынашақтай бұлбұлдың?! (3,41).

Ақымақ-ай!

Бір көрінсең болмай ма?

Табар едім, саған барар жол қайда?

Шыр айналған шынашақтай шымшық та,

Шырылдап кеп ұясына қонбай ма? (2,86).