ЫРЫМ

lat: YRYM

зат. Жақсы ниетке негізделген әртүрлі әдет-ғұрып, дәстүр .

Байғұсым бар ырымды қарастырған,

Бабадан бата сұрап, бал аштырған.

Байыптап құмалағын Байбаба шал,

Әйтеуір жақсылыққа жанастырған (2,199).

Ежелгі ырымы бойынша Мәліктің басын жалаңаштап, алғашқы жаңбырға тосты әжесі (4,164).