ІЗДЕУ

lat: İZDEÝ

Ізде етістігінің қимыл атауы .

Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?

Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

Күл боп бірге соңыңнан кетер едім (1,302).

Болғанмен қанша мұңым, қанша қайғым,

Іздеуден бақытымды шаршамаймын.

Өмірім, берер болсаң, ұзағынан,

Өткінші бақытты мен аңсамаймын (3,160).