ІНІ

lat: İNİ

зат. 1 . Бірге туған бауырлардың жасы кіші еркек кіндіктісі .

Алдымда менің ағам жоқ,

Артымда менің інім жоқ.

Қабылда ана, анам боп,

Қалмақпын сенің ұлың боп (2, 321).

Менің әлгі сорлы ініме сәлем айт (4,196).           

  2 . Ағайындас, туыстас адамдардың жасы кіші ер адамы үлкендерге іні болады.

Сыйламас іні сен бе едің,

Сый білмес аға мен бе едім?!

Су берші маған, інішек,

Су берші маған, шөлдедім (1,156).

// Жалпы жасы кіші ер адамдарға айтылатын қаратпа сөз.

Кейіме, інім , кездескен мұңға алғашқы,

Кесірлі шақтың болмасын тіле алды ащы.

Қып-қызыл шоқтан суырып алып зергерлер,

Салмай ма суға сертке ұстар семсер-алмасты (2,23).