Жеміс

lat: Jemis

зат есім. <латын тілі. fructus> 1. Ағаштар мен сабақты мәдени және жабайы өсімдіктердің басына шығатын өнімі, миуасы. Адам тамағында ж е м і с көптеген биологиялық активті заттардың (калий тұзы, кальций, темір, витаминдер, микроэлементтер және т.б..) көзі (Қаз. тілі термин. Тамақ.). Ж е м і с құрамындағы минералды тұздардың негізгі үлесін, әсіресе, калий тұздарына бай келетін өрік, жүзім, шие, қара өрік, тәтті шие құрайды (Шаңырақ энцикл.). Соны ойлап қызыл ж е м і с мен таңдадым, Берсеңіз жемек болып бел байладымбай, Тол. жин.). Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш Емеспін ж е м і с і көп тамаша ағаш. Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі Пайдалан шаруаңа жараса алаш! (М.Дулатов, Шығ.). Қазағым алты ауызды бола қалар, Бастаса пайдалы істі біреу қостай. Бай, мырза, атқа мінген азаматтар Басында ж е м і с і жоқ қу ағаштай (Ә.Найманбаев, Шығ.). 2. биологиялық. Гүл аналығының жұмыртқа Жасушасы ұрықтанғаннан кейін түзілетін жабық тұқымды өсімдіктердің көбею мүшесі. Өсімдік түріне қарай ж е м і с т і ң түзілуіне аналықтан басқа гүл тостағаншасы, күлтесі мен гүлтұғыры да қатысады (Қаз. тілі термин. Биология). Ж е м і с т е р жеміссерігінің жұмсақ, қатты болуына қарай: шырынды және құрғақ деп үлкен екі топқа жіктеледі (Қаз. тілі термин. Биология). 3. ауыспалы мағына. Бір нәрсенің нәтижесі, қорытындысы. Осы күнгі қазақ арасындағы тәуір мұғалімдердің көбі медресе “Ғалияның ж е м і с і (М.Дулатов, Шығ.). Біздің елімізде қазір мыңдаған адамдар еңбегінің ж е м іс і н татып, ер деген атақ алып, омырауына жұлдыздар тағып, бүкіл әлемге әйгілі болды (С.Мәуленов, Жұлдыз.). 4. ауыспалы мағына. Ырыс, несібе, ризық. Ұл ма екенсің сен, әлде гүл ме екенсің, Үйдің іші мәз болып күн көтерсін. Келетұғын ғасырдың ж е м і с і н де, Атаң, әжең өзіңмен бірге терсін (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Тірліктің түрін көрдім, Көңілдің сүйгенін бердім. Ж е м і с деп, білмей у тердім, Бола алмай шын ғылымға бай (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).