Жеңу

lat: Jeńý

Жең етістігінің қимыл атауы. 1. Озып шығу, жүлдеге ие болу. Алдына жан салмаған Біржанға Сараны да ж е ң у мұрат (М.Әуезов, Әр жыл.). 2. Соғыста жеңіске жету. Қазақ әскерінің мақсаты қан майданда жауын жалпы ж е ң у болса, Әбілқайыр ордасының ойлағаны хан Жәнібекті құрту еді (І.Есенберлин, Алмас қылыш). Көппен алысқалы даярланған баласының жеңілу қаупі оның басына тұман боп оралса, ж е ң у қуанышы боп шығады (С.Мұқанов, Балуан Шолақ). 3. Үстем болу, басым түсу. Тең емесін тұңғыш сездім күшімнің Ұрып, соғып, қорлап және азаптап, Оны ж е ң у мүмкін емес екендігін түсіндім (М.Шаханов, Ғасырлар.). Өнегем сол айтыстардан азатпын, Өзі рахат Өлең деген азаптың! Мисыздарды ж е ң у маған сөз емес, Мен өзімді өзім жеңген қазақпын! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). 4. ауыспалы мағына. Мойынсынбау. Қиындықтарды ж е ң у үшін коммунистер алда болуы, көпке үлгі болуы керек (Ғ.Мұстафин, Қарағанды).