МАЗМҰН

lat: MAZMUN

(ар. мазмун مضمون) ішкі мән, мағына, маңыз.

Ләйліге бұл мазмұнша нама жазды, Не халді, жәбір-жапа қылып изһар («Қисса Ләйлі Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).

Расул менен Айшаның тұһматының, Мазмұнын көрсетейін қадірі хал («Қисса хазіреті Айшаның тұһматы». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).

«Әл баракат, хиі (үйі) әл-харакат!» мазмұнына илан, Кірістім бос тұрмастан редакторге («Мәшһүр-Жүсіп пен Ғалы Күзембайұлы айтысқаны». М.Жүсіп, І-том, 2003).

Мазмұндау мәнін ашып, баяндау.

Қалдырмай айтты бәрін болған сырдың, Мазмұндап маниқасын мақлил жырдың («Хикая Әбушаһыма». Бабалар сөзі. 15-том. 2005. 100 томдық).