Жеңімпаз

lat: Jeńimpaz

сын есім. 1. Шайқасты жеңіспен аяқтайтын, жеңгіш. Әке тұсында темір тәртіпке бағынатын тас-түйіндей ж е ң і м п а з қисапсыз әскердің енді он басы, жүз басылары да түгел болмай шықты (О.Сәрсенбаев, Сағым). Қаһарлы, батыр халықпыз, Ж е ң і м п а з күш бізде бар. Аласұрған фашистің, Мезгілі келді ойланар (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 2. ауыспалы мағына. Ылғи жеңіске ие болатын, жеңілмейтін. Қия алмай оны, Қиылып айлы түн кетті, Жаулауын алып, Ж е ң і м п а з қара түн жетті (М.Мақатаев, Аққулар.). Бұл ұлы есім мен оның ж е ң і м п а з ілімі бүкіл прогресшіл адамзаттың азаттық туы болып отыр (Жрыстанов, Естен кетпес.). Менің басым сондықтан да сияқты ақ Ж ең і м п а з бір ту аппақ. О, минуттар, жүйрік болсаң сал күшті, Мықтағанда соғарсыңдар алпысты (Т.Айбергенов, Мен саған.). // Жеңіске жеткендер. Жауды жеңіп шаттандық, Жеңіс туға топтандық. Ж е ң і м п а з д а р кеп жатыр Туған жер, өскен елге мақтанып (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).