МАҚСАТ

lat: MAQSAT

(ар. мақсад مقصد)   

1. Алға қойған мұрат, талап.

Мақсатқа көңілге алған жетісе алмай, Дариға, болды дертің өмірге азық («Жетім Мәриям». Бабалар сөзі. 22-том. 2005. 100 томдық).

Мақсатың қайсы, бейшара, Хал-дәрменің қалмапты («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық).

2. Ойдағы арман, тілек, ынта.

Айтудан ғылым өнерін мынау мақсат , Азар іс ақырет беру емес жақсы-ақ («Әбуғалисина, Әбілхарис». Бабалар сөзі. 7-том. 2004. 100 томдық).

Мұддаға-мақсат тілек-арман.

Я өлтір, яки қаңғырт, я жайнатып, Мұддаға - мақсатымның қамын жеңіз («Әбуғалисина, Әбілхарис». Бабалар сөзі. 7-том. 2004. 100 томдық).