Білімді

lat: Bilimdi

с ы н есім. 1. Көп оқыған, берген білімді санаға түйген. Мен де сенің еңбегіңді Ақтаймын деп серт етемін. Жақсы оқып барлық пәнді, Б і л і м д і боп ер жетемін (М.Хакімжанова, Жыр асуы). - Барлығын бірдей б і л і м д і деп айта алмаймын. Бізде білімі төмендердің мерейі үстем көрінеді. Кейбір студенттер «оқудың қай түрінде білім алудасың?» деген сұраққа «договорныйда деп мақтанышпен жауап беруі, олардың қаншалықты деңгейде екенін көрсетсе керек («Түркістан»). // Білімдар, бір істен немесе ғылым саласынан жан-жақты хабардар, маманданған адамдар. Б і л і м д і л е р сөз айтса, Бойге атындай аңқылдап, Өзгелер басын изейді, Әрин деп мақұлдап (Абай, Тол. жин.). Б і л і м д і л е р д і ң пікірін алғанда, сезімге берілу, құмарлыққа салыну, жалғанның жабдығына шұғылданумақтаулы емес, сөкет болып саналады (Ж. Аймауытов, Шығ.). Қазақтың талай шежіре қартын көре жүре мен Жабайдай б і л і м д і с і н өте сирек кездестірдім (С.Мұқанов, Менің мект.). Адам баласының тарихында тұңғыш рет әлем, оның ішінде адамның жаралуы туралы, ертедегі гректің аса бір б і л і м д і с і Анаксимандр сөз етеді (Н.Баяндин, Ғасыр. Қойнауы.). 2. Арнайы білім алған, дипломы бар. Мемлекеттік органдарға деген сенімнің артуы үшін мемлекеттік қызметке б і л і м д і, мәдениетті, парасатты, іскер және ұлттық рухы мен адами қасиеті жоғары азаматтардың тартылғаны жөн («Егемен Қазақстан»). Елімізде экономика мен әлеуметтік сананы реформалаудың сындарлы жылдарында әрі жас, әрі б іл і м д і де білікті, жаңаша ойлайтын кадрларды іріктеп, жауапты қызметтердің тізгінін ұстатқанын қалың оқырман жетік біледі («Егемен Қазақстан»). Қапас ақсақал бастауыш көлемінде ғана білімі болса да сол техниканы б і л і м д і мамандардан кем білмейді (М.Тайыров, Балқаш). 3. Ақылды, көрегенді, қылықты, әдепті. Әйелдің б і л і м д і с і н ер сыйлайды, Еріңді аяқ асты етпе, жаным (Айтыс). Ағайының көп болса, Ұлы шерек қолмен тең, Б і л і м д і туған жақсылар Аз да болса көппен тең (Ақтамберді // Алдаспан). Бұл туралы Потанин жазды: «Мен корпустан шыққан соң бес жылдай Алматы жағында шетте қызмет етіп қайттым, Шоқан Омскіде әлгідей б і л і м д і ақжүрек адамдармен жолдас болып ысылған (М.Дулатов, Шығ.). 4. Сауатты, көзі ашық. Үрқия да асып кеткен б і л і м д і емес, жетіншіні ғана бітіріпті (Е.Қалиев, Рудный.). Бір оннен бір уақытта жағымды осерлену, екінші уақытта жағымсыз осерлену алуға мүмкін, яки б і л і м д і, оқыған адам бір нәрседен жағымсыз осерлену алғанда, ол нәрседен оқымаған надан адамның алған осерленуі жағымды болуға мүмкін (М.Жұмабаев, Шығ.). Б і л і м д і болуға - оқу, бай болуға - кәсіп, күшті болуға - бірлік керек! («Егемен Қазақстан»). 5. Мәселенің мән-жайынан хабардар, жете түсінетін, жан-жақты. Бір-бірін қорықса сыйлайды бүгінгі адам, Түсінер бұ сөзіме б і л і м д і адам (Кердері Әбубәкір, Қазағым). Ел болсаң, елге керек б і л і м д і әкім, Табады білім жетсе жолыңды әкім (Кердері Әбубәкір, Қазағым). Беделді, білімді, абыройлы саясаткерлерді қолтығының астына жинаудың орнына, оларды өзіне басты қарсылас санап, кеуделерінен кері итерді («Жас Алаш»). // к о н т е к с т. Ж а ғ ы м с ы з. Үстірт білімдер иесі, көзге тұсу үшін бір істен хабардарлық танытатындар. Кей адам кейбіреулерді көтермеле деп айтар, б і л і м д і л е р, шалымдылар. Ол мақтауды ойласаң оған зиян, Сорлыны құр мақтауға салындырар (Қабан жырау, Алтын қазық). 6.д і н и. Иманы кәміл, дін жөнінде танымы терең, арнайы діни білім алған. Б і л і м д і г е білімсіз бағынбай ма? Іздесе, пендеге жол табылмай ма? Ақты қойып, арамды одет етсек, Денеміз дозаққа өзі жағылмай ма? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Б іл і м д і имамның ғана ісі оң, аузынан шыққан орбір сөзі монді де пәтуалы («Түркістан»). // к о н т е к с т. Дүнияуи білім жүйесін меңгерген діни білімнен бейхабар адам деген мағынада. «Інжіл» «Құран» - бәрін айтып тұрсадағы, Адасып ардан күсіп қара басар. Сөйтіп бұзып бүлдіріп, есіл дінді, Дін десе б і л і м д і л е р тұра қашар (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).