Білімдік

lat: Bilimdik

з а т. с ө й л. Білімділік. Залым кісі кірмейді тіпті санға, Сынайтұғын бір сыншы табылғанда. Б і л і м д і г і ң бит шаққан құрлы болмас, Тамам күнәң жиылып жабылғанда (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Көңілмен бірге қол жетер, жұрт қажетті мол жетер, Б і л і м д і к т і олжа етер, сусап тұрған бостанға (І.Жансүгіров, Шығ.). Мұғалім! - бұл адамның ардақты аты. Б і л і м д і к бар биікке шығар саты. Ең алғаш басталады осы адамнан, Сүйеді сондықтан да жақын, жаты (С.Мұқанов, Шыңнан шыңға).